Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алексей Цой «QazVac» вакцинасының екінші дозасын салдырды

2021 жылдың 17 мамыр 2021 19:52

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой QazVac вакцинасының екінші дозасын алды. Бұл туралы министр өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«QazVac-тың екінші екпесін алдым. Бірінші дозасы секілді қазір де көңіл-күйім жақсы. Ешқандай реакция жоқ.

Вакцина – пандемиядан шығудың жалғыз тиімді құралы. Аман-сау болыңыздар! Өздеріңізді қорғаңыздар!», - деп жазды министр.

Еске сала кетсек, 26 сәуірде Алексей Цой алғашқылардың бірі болып «QazVac» вакцинасын салдырды.

2021 жылғы 17 мамырдағы мәлімет бойынша Қазақстанда 1 844 938 адам вакцина алған.








Жоғары қарай