Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 28 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Алексей Цой Ресей денсаулық сақтау вице-министрімен коронавируспен күрес жайын талқылады

2020 жылдың 8 шілде 2020 01:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мен РФ Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Олег Гриднев COVID-19 қарсы күресте өзара іс-қимыл және қолдау көрсету мәселелерін талқылады. Бұл жөнінде Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

«COVID-19 салдарынан қалыптасқан жағдай инфекциямен күресте халықаралық ынтымақтастықтың, өзара іс-қимыл мен қолдаудың маңызды екенін көрсетті», - деді кездесуде Алексей Цой.

Тараптар клиникалық хаттама, ғылыми зерттеулер әзірлеу, вакцина мен оның клиникалық сынағын қарастыру, гуманитарлық көмек және дәрі-дәрмек бойынша бірлескен әзірлемелерді жеткізу бойынша өзара ынтымақтастықты талқылады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы уағдаластыққа сәйкес РФ Денсаулық сақтау министрлігіне гуманитарлық көмек ретінде олардың қажеттілігіне қарай дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесі ресми түрде жіберілді.

Естеріңізге сала кетейік, 6 шілдеде Мәскеу қаласынан Нұр-Сұлтанға жаңа инфекциямен күрес жұмыстарына тартылған 32 жетекші маман келген болатын.

Делегация құрамында инфекционист, реаниматолог, анестезиолог-реаниматолог, эпидемиолог, пульмонолог бар. Мамандар Нұр-Сұлтандағы медициналық ұйымдарға және еліміздегі аса мұқтаж аймақтарға консультациялық-практикалық көмек көрсетеді.


Жоғары қарай