Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алексей Цой вакцина өндіруді неге Қарағандыдағы зауытқа тапсырылғанын түсіндірді

2021 жылдың 27 мамыр 2021 19:47

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой «Спутник V» вакцинасын өндіруді неге Қарағандыдағы зауытқа тапсырылғанын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлеуметтік желіде бұл мәселені қоздататындар көп. Кез келген істен, барлық жерде қандай да бір астар, себеп іздеп жүреді. Мен сізге нақты айтайын. Таңдау неге Қарағандыдағы фармацевтикалық зауытқа түсті? Өйткені Қазақстанда биологиялық препарат шығаратын жалғыз зауыт сол. Қазақстанда түрлі зауыттар бар. Бірақ олар таблеткалар, химиялық заттар шығарады. Ал тірі биологиялық препарат шығаратын зауыт бізде біреу ғана. Ол нарықта 5 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Біз олардан осы іске атсалысуды өзіміз сұрағанбыз. Тіпті мәжбүрлегендей болдық», -* деід Алесей Цой.

Министрдің мәліметінше, оған дейін Қарағандыдағы фармацевтикалық зауыт онкологияға қажет биологиялық препарат шығарып тұрған.

«Біздің қазір Гамалея институтының субстанциясы негізінде вакцина жасап отырғанымыз сәттілік деуге болады. Қазір әлем нарығында вакцина еркін саудада жоқ. Сондықтан бұл жерде ешқандай конспирологиялық ымыраласу жоқ. Өйткені биологиялық перпарат шығаратын жалғыз зауыт осы. Егер бірнеше осындай зауыт болғанда басқа алаңды таңдауымыз да мүмкін еді», - деді ведомство басшысы.


Жоғары қарай