Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Әлем чемпионы Сәкен Бибосынов үйленді

2021 жылдың 11 желтоқсан 2021 12:33

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Еліміздің талантты боксшысы, бокстан Токио олимпиадасының күміс жүлдегері, әлем чемпионы Сәкен Бибосынов отау құрды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістандық талантты боксшының таңдауы Назира есімді сұлуға түсіпті. Ол - Ордабасы ауданына қарасты Амакелді ауылының тумасы.

«Қалыңдығымды кеше ұзатып алып келдім. Алда той болады, соған дайындалып жатырмыз. Жұбайым спортшының жағдайын түсінетін жар болатындығына сенімдімін. Тілеулес ағаларымызға, ағайындарға рахмет айтамын»,-дейді Сәкен Бибосынов.

Айта кетейік, Токиода өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, Сербияның Белград қаласында өткен әлем чемпионатында алтын медаль иеленген Сәкен Бибосынов өміріндегі жақсы жаңалықтар жайында біздің агенттікке сұхбат берген болатын.



Жоғары қарай