Ауа райы
Астана 29 °С
Алматы 31 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 10 миллионнан асты

2020 жылдың 29 маусым 2020 01:32

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әлемде вирус жұқтырғандар 10 миллионнан асты. Эпидемия басталғалы бері 500 мыңнан астам адам қайтыс болған, деп хабарлайды baq.kz.

Әлемде науқастар саны жағынан бірінші орында АҚШ тұр. Мұнда 2,5 миллион адамнан коронавирус табылған, 128 мыңнан астам науқас COVID-19-дан қайтыс болған. Екінші орында тұрған Бразилияда 1 миллион 300 мың адамға вирус жұққан. 57 мыңнан астам адам індеттен көз жұмған.

Үшінші орында тұрған Ресейде 634 мыңнан астам адамға COVID-19 диагнозы қойылған. Үш жарым айдан астам уақыттан бері 9 мыңнан астам науқас қайтыс болған. Өткен тәулікте 6 791 адамнан вирус табылған, 104 науқас қайтыс болған.

Ресей билігі статистикаға COVID-19 диагнозы қойылған қайтыс болған барлық науқастарды енгізбейтінін мойындаған. Тек науқастың өліміне инфекция себеп болды деп шешілсе ғана есепке енгізіледі.

Федералдық штаб статистикасы аймақтық статистикамен көп жағдайда сәйкес келе бермейді. Ал штаб пен Росстат, аймақ мәліметі арасында айырмашылық бар. Шенеуніктер мұны есептеудің түрлі әдістерін қолданатындығымен түсіндіреді.

Қазақстан бойынша коронавирус індетін жұқтырғандар саны 20780 адамға жетсе, жазылып шыққандардың қатары 12824 адамға жетті. Ал қатерлі індеттен көз жұмғандар саны еліміз бойынша 173 адам болды.


Басты сөздер: Коронавирус, Әлем,
Жоғары қарай