Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 20 миллионға жетті

2020 жылдың 11 тамыз 2020 08:08

МӘСКЕУ. ТАСС – ҚазАқпарат – Әлем бойынша жаңа типті коронавирусты жұқтырғандар саны сейсенбі күні 20 ммиллионнан асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Халықаралық ұйымдар, федералды және жергілікті билік мәліметі негізінде есептеу жүргізетін Джон Хпкинс университеті осындай мәлімет таратты.

Мекеменің мәліметі бойынша, қазір инфекцияға шалдыққандар саны - 20 001 019 адамға жетті. Оның 733 103-і қайтыс болса, 12 209 074 науқас жазылып шықты. Жұқтырғандар саны бойынша АҚШ көш бастап тұр (5 079 941). Содан кейінгі орындарға Бразилия (3 035 422) мен Үндістан (2 215 074) орналасқан.


Басты сөздер: Коронавирус, Статистика, Әлем,
Жоғары қарай