Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Әлемде негізгі азық-түлік бағасының тұрақты түрде өсу тенденциясы байқалады  - ҚР Президенті

2022 жылдың 27 қаңтар 2022 18:42

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлемде негізгі азық-түлік бағасының тұрақты түрде өсу тенденциясы байқалады. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Азық-түлік нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету елдеріміздің экономикалық қауіпсіздігінің және кезең-кезеңмен дамуының маңызды шарты болып қалады. Әлемде негізгі азық-түлік бағасының тұрақты түрде өсу тенденциясы байқалады. Инфляция өте жоғары. Олардың құнының мұнан ары да арту мүмкіндігі әлеуметтік-экономикалық күйзелістер және жеткізу тізбегінің бұзылу тәуекелімен күшейеді», - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев «Үндістан – Орталық Азия» саммиті барысында.

Осы ретте Мемлекет басшысы Орталық Азия және Үндістан басшыларына Ауыл шаруашылығы министрлерінің кеңесін өткізуді ұсынды.

«Соңғы уақытта мұндай факторлардың агросекторға қысымы айтарлықтай байқалды. Сондықтан біздің диалогымыздың аясында агротехнологиялық және ғылыми-инновациялық өзара іс-қимылды нығайту жөніндегі іс-шаралар әзірлеу жақсы болар еді. Ауыл шаруашылығы министрлерінің тұрақты кеңесін өткізу де пайдалы болмақ», - деді ҚР Президенті.


Жоғары қарай