Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Әлемде туберкулезден көз жұмғандар саны соңғы 10 жылда алғаш рет өсті

2021 жылдың 15 қазан 2021 07:57

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - COVID-19 пандемиясы туберкулезге қарсы күресте жеткен жетістіктердің күл-талқанын шығарды: соңғы он жылда әлемде алғаш рет осы аурудан көз жұмғандар саны өсті. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының баяндамасына айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат БҰҰ Жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

2020 жылы ауруға шалдыққандар саны алдыңғы жылмен салыстырғанда аз, ем қабылдайтындар саны да қысқарған, бірақ қайтыс болғандар көп. Бұл жағдай пандемияға және онымен байланысты шектеулерге байланысты түсіндіріледі – адамдарда тексерілетін және медициналық көмек алатын мүмкіндік болмады.

«Баяндама біздің күдігімізді растап отыр: денсаулық сақтау саласында қызметтер көрсетудегі бөгеліс туберкулезге қарсы күрескен жылдарда жеткен жетістігімізге нұқсан келтіруде. Бұл бізді шұғыл әрекет етуге, инвестициялауға және инновациялық тәсілдерді енгізуге итермелейтін өте алаңдатарлық жаңалық. Адамдарды диагностикалауда, емдеуде және оңалтудағы кемшіліктерді тек осылай жеңуге болады», - деп мәлімдеді дәрігер Тедрос Гебрейесус.

2020 жылы осы аурудан қайтыс болғандар саны 1,5 млн адамды құрады. ДДСҰ мәліметіне сәйкес, 2021 және 2022 жылдары бұл көрсеткіш әлдеқайда жоғары болмақ.


Басты сөздер: Халық санағы, Әлем, БҰҰ,
Жоғары қарай