Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Әлемдегі ахуал: коронавирус жұқтырудың тәуліктік рекорды тіркелді

2020 жылдың 14 қыркүйек 2020 12:26

ЖЕНЕВА. ҚазАқпарат – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өткен тәулікте коронавирус жұқтыру жағдайларының ең көп санын тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ұйымның ресми сайтына сілтеме жасап.

Бір тәулікте індетке шалдығушылар саны 308 мыңға артты. Бұл – пандемия кезеңіндегі ең көп тәуліктік өсім көрсеткіші. Әлемде ауру жұқтыру жағдайларының жалпы саны 28,6 миллионға жетті. Коронавирус инфекциясынан көз жұмғандар саны 5,6 мыңға артып, 917,417-ге жетті.

АҚШ індетке шалдыққандар және вирустан қайтыс болғандар саны бойынша әлемде көш бастап тұр. Мұнда 6,3 миллион адам коронавирус жұқтырса, 191 мыңнан астам адам көз жұмған.

Ауру жұқтырғандар саны бойынша екінші орында тұрған Үндістанда 4,6 миллионнан астам адам індетке шалдыққан. Мұнда коронавирустан 78,5 мың адам қайтыс болған.

Бразилия расталған жағдайлар саны бойынша үшінші орында. Мұнда ауру жұқтырудың 4,2 миллион жағдайы тіркелген. Бразилияда 130 мыңнан астам адам коронавирустан көз жұмған.


Басты сөздер: Әлем, Коронавирус,
Жоғары қарай