Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Әлемдегі коронавирус: Бангкокте туризм маусымы шегерілді, Швейцария елге келу ережесін өзгертті

2021 жылдың 19 қыркүйек 2021 02:51

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram парақшасында Тайланд, Швейцария және Ұлыбританиядағы коронавирусқа қатысты жаңаңалықтары жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тайланд билігі қалада вакцинацияның төмен қарқынына байланысты шетелдік туристер үшін Бангкоктың ашылуын кейінге қалдырды, Мерзім қазан айының 1-нен 15-не ауыстырылды. Халықаралық туризмнің басталу күні басқа аймақтарда - Паттайя курорты орналасқан Чонбури, Чианг Май, Пхетбури және Прачуапкхирикханда кейінге жылжуы мүмкін.

Швейцария үкіметі елге кірудің жаңа ережесін енгізді. 20 қыркүйектен бастап вакцина салдырғанын немесе аурудан айыққанын растайтын құжат болмаған кезде саяхатшылар теріс тест нәтижесін ұсынуы керек. Содан кейін 4-7 күннен кейін қайта тексеруден өту қажет болады.

Лондон метросының операторлары COVID-19-ға байланысты эскалаторларда құлап қалу жағдайларының өскенін хабарлады. Денсаулығына аса сақтықпен қарайтын жолаушылар вирус жұқтырудан қорқып, эскалатор қоршауын ұстамауға тырысады. Тағы бір себеп - пабтарға баруға шектеуді алып тастау, себебі мас жолаушы саны артып кеткен.


Басты сөздер: Әлем, Әлемдегі коронавирус,
Жоғары қарай