Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 28 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Әлемдік экономикадағы ахуал тұрақтанды – Ұлттық банк

2020 жылдың 8 маусым 2020 15:39

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстан Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені +/– 2 п.т. пайыздық дәлізбен жылдық 9,50% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлттық банктің хабарлауынша, әлемдік экономикадағы ахуал тұрақтанды, ал жекелеген тауар және қаржы нарықтарында жандану байқалды. Мұнайды тұтыну Қытай экономикасының қалпына келу белгілері, кейбір Еуропа елдері мен АҚШ-тағы карантин шараларының жеңілдеуі аясында біртіндеп іске қосыла бастады. ОПЕК+ елдері мұнай өндірісін қысқарту мәмілесінің өлшемдерін ұзарту туралы алдын ала уағдаластыққа қол жеткізді. Мұнай өндіруді тәулігіне 9,7 млн баррельге төмендету шілде айының соңына дейін жалғасады.

Сонымен қоса, COVID-19 пандемиясы және инфекцияның таралуымен күрес бойынша шектеу шаралары әлемдік экономикаға теріс әсер етуін жалғастыруда. 2020 жылғы мамырда іскерлік белсенділік көрсеткіштері әлі де болса тарихи барынша төменге жуық деңгейде қалып отыр. Бұл ахуал Қазақстандағы экономикалық белсенділікке және инфляциялық процестерге теріс ықпал етеді.

Базалық мөлшерлеме бойынша кезекті шешім 2020 жылғы 20 шілдеде жарияланатын болады.


Жоғары қарай