Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Әлемнің 23 елінде жүрген қазақстандықтар елге оралуға ниет білдірді – ҚР СІМ

2020 жылдың 20 наурыз 2020 16:43

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлемнің 23 елінде жүрген 1285 азаматымыз Қазақстанға оралуға ниет білдіріп отыр. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі

«COVID-19 коронавирус індетінің өршуіне байланысты СІМ-де Дағдарыстық штаб іске қосылды, ол ҚР-дың шет елдердегі мекемелерінде құрылған барлық жедел штабтардың жұмысын үйлестіреді. Қазір әлемнің 73 елінде 295 мыңға жуық қазақстандық бар», - деді Айбек Смадияров.




Оның атап өтуінше, шетелдегі Қазақстан азаматтарының тізімі сағат сайын өзектендіріліп отырады. Қазақстан Елшіліктерінде жұмыс істеп тұрған штабтар азаматтарға Отанға оралудың мүмкіндіктері туралы қажетті нұсқаулықтар мен ақпаратты беруде.

«Шетелдегі біздің азаматтарымыздың көп бөлігі, солардың ішінде тұрақты тұруға, жұмыс, оқу және басқа мақсатта шет мемлекеттерде тұратын азаматтарымыз, әсіресе жағдайы тұрақты елдерде тұратындар, қайтып оралуға ниет білдірмейді. Олардың арасында дүрлігу мен үрей жоқ. Олар орналасқан елдің ұсыныстары мен ережелерін басшылыққа алады, карантин режимін және үйде оқшаулауды сақтайды. Қазір таңда азаматтарымыздың үйлеріне оралуы – СІМ жұмысының негізгі басымдығы. Бүгінде шет елдердегі қазақстандық туристерді есептемегенде әлемнің 23 елінен 1285 азамат Қазақстанға оралуға ниет білдіруде. Туристерді шығарумен қазір Мәдениет және спорт министрлігі айналысып жатыр»,- деді ресми өкіл.

















Жоғары қарай