Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Әлеуметтанушылар Қазақстан дамуына маңызды үлес қосты - Әшімбаев

2021 жылдың 15 қазан 2021 11:51

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлеуметтанушылар Қазақстан дамуына маңызды үлес қосты. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қарқынды саяси және әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар құндылықтар жүйесін трансформациялауға алып келді. Қазақстандық қоғам төңірегіне шоғырланатын ең маңызды құндылық ел Тәуелсіздігі екендігі сөзсіз. Қоғамымыздағы осынау өзгерістердің барлығы қоғамдық зерттеулердің, ең алдымен әлеуметтанудың тақырыбы», - деді Сенат спикері Қазақстан әлеуметтанушыларының VII конгресінде.

Оның атап өтуінше, ел Тәуелсіздігінің 30 жылы ішінде әлеуметтік зерттеулер маңызды салалардың бәрін қамтыды.

«30 жыл бойы әлеуметтік зерттеулер еліміздің барлық маңызды қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-гуманитарлық түрленуін сүйемелдеп келді. Біз толықтай негізде әлеуметтанушылар Қазақстан дамуына маңызды үлес қосты деп айта аламыз», - деді Мәулен Әшімбаев.


Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: Парламент, Сенат,
Жоғары қарай