Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Әлеуметтік әмиян жобасы жыл соңына дейін іске қосылады

2021 жылдың 12 тамыз 2021 13:13

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Әсел Жанасова «Әлеуметтік әмиян» пилоттық жобасын іске қосуға дайындық туралы айтып берді, деп хабалайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жобаны іске асыру Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауы аясында ҚР Ұлттық банкімен бірлесіп жүргізіліп жатыр.

Жобаның мақсаты - халықтың әлеуметтік осал топтарының қаржы құралдарына қол жеткізуін қамтамасыз ету, әлеуметтік көмекті есептеу рәсімдерін жеңілдету, әлеуметтік қолдау құралдарын жетілдіру, сондай-ақ бюджет қаражатының шығыстарын оңтайландыру.

«Әлеуметтік әмиян» ЖСН негізінде құрылатын болады. Бұл әлеуметтік төлемдерді байланысқан банк болған жағдайда банк шотына аударуға мүмкіндік береді.

«Әлеуметтік әмиян» жобасын енгізу аясында «Мемлекеттік бюджет қаражаты және электрондық ақша түрінде аударылатын Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаты есебінен жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді есепке алу, есепке алу және пайдалану, сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмекті пайдалану мониторингі қағидаларын және ерекшеліктерін бекіту туралы» НҚА жобасы әзірленді.

Қазіргі уақытта НҚА жобасы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде қаралуда.

Әсел Жанасова хабарлағандай, жобаның пилоттық нұсқасын 2021 жылдың желтоқсан айының соңына дейін іске қосу жоспарланып отыр.


Жоғары қарай