Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 28 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Әлеуметтік маңыздағы автомобиль тасымалдары қосылған құн салығынан босатылады

2020 жылдың 24 маусым 2020 10:51

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тұрақты әлеуметтік маңызы бар автомобиль тасымалдары бойынша қосылған құн салығынан 3 жылға босату ескеріліп отыр. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін жалпы отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және инвестициялық ахуалды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңының жобасы талқыланып жатыр.

«Әлеуметтік бағыттар бойынша тарифтердің тиімсіз болуына және субсидиялауға қаржының жетіспеуіне байланысты тасымалдаушылар шығынға ұшырайды. Тұрақты әлеуметтік маңызы бар автомобиль тасымалдары бойынша қосылған құн салығынан 3 жылға босату ұсынылады», - деді министр.

Мұнымен қоса, теңіз көлігі арқылы транзитті дамыту, транзит құнын төмендету үшін жағдай жасау мақсатында жүкті теңіз портына дейін теміржол арқылы жеткізіп, су көлігіне ауыстырып тиеу арқылы жүргізілетін тасымалдарды халықаралық деп тану және оларға қосылған құн салығының нөлдік мөлшерлемесін қолдану ұсынылады.


Жоғары қарай