Ауа райы
Астана -17 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрлерінің шекті бағасы қайта бекітілуі мүмкін

2020 жылдың 26 қазан 2020 14:37

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда коронавирус инфекциясының екінші толқыны қаупіне байланысты әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрлерінің шекті бағасы қайта бекітіле ме? Бұл сұраққа Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл коронавирустың алғашқы толқыны кезінде шекті бағалардың нарықтан тыс механизмін енгізуге мәжбүр болдық. Осы уақыт аралығында мемлекеттік органдармен, бизнеспен ауқымды жұмыс жүргізіліп, аймақтарда азық-түліктің, әлеуметтік қордың қоры жасалды, ресурстар бөлінді», - деді Бақыт Сұлтанов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің айтуынша, мемлекет тарапын қолға алынған осы шаралардың арқасында баға едәуір тұрақтаған.

«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына алдыңғыдай сұраныс күрт артса – бағаны ұстап тұру механизмі қайта енгізілуі мүмкін», - деді ол.


Жоғары қарай