Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Әлеуметтік төлемді проактивті форматта алғысы келетіндер саны өсті

2021 жылдың 27 тамыз 2021 11:35

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елімізде әлеуметтік төлемді проактивті форматта алғысы келетіндер саны өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Шілде айының ортасынан бастап «Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді тағайындау» проактивті мемлекеттік қызметі жеңілдетілген форматта іске қосылды. Соның арқасында бір ай ішінде проактивті форматта қызмет алуға келіскен адамдардың саны 18% - дан 29% - ға дейін өсті.

Бұрын қызмет алушылармен SMS диалог кезінде екі SMS хабарламаға жауап беру қажет болатын, біріншісі қызметті алуға келісім болған. Мемлекеттік қызметтерді проактивті түрде алған адамдардың санын арттыру үшін көрсетілетін қызметті алушымен диалог кезінде SMS санын екіден біреуге дейін қысқарту туралы шешім қабылданды.

Енді бір SMS хабарламадағы сұрау салуға жауап беру арқылы көрсетілетін қызметті алушы проактивті форматта мемлекеттік қызмет көрсетуге автоматты келісім болып табылатын қызмет көрсету банкін таңдауды растайды.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі проактивті түрде мемлекеттік қызметтер көрсету процесіне реинжиниринг жүргізіп жатыр.

Маусым айында «бала тууға байланысты және бір жасқа дейінгі баланың күтімі бойынша жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік қызметі жеңілдетілген форматта іске қосылды, бұл проактивті түрде тағайындалған төлемдер санын 10% - дан 37% - ға дейін арттырды. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 50% - ға дейін жеткізу жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, жыл соңына дейін бірқатар проактивті қызметтерді оңтайландыру жоспарлануда, олар:

– асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді тағайындау;

– асыраушысынан айрылу бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау;

– еңбек ету қабілетінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау;

– мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау;

– «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау қызметтері.


Жоғары қарай