Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Әлеуметтік желіде бұзақылардың сарбаздарды соққыға жыққан сәтінің видеосы жарияланды

2022 жылдың 16 қаңтар 2022 12:34

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Facebook әлеуметтік желісінде Алматыда болған жаппай тәртіпсіздіктер кезінде бұзақылардың ерекше мақсаттағы полиция жасағының сарбазын соққыға жыққан сәтінің видеосы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Видеоны Жандос Құрманбаев атты желі қолданушы жолдаған. Видеода сапппен келе жатқан ерекше мақсаттағы полиция жасағы сарбаздарының бірін бірнеше адам жабылып, тепкіге жыққан анық көрінеді. Сарбазды ұрып жатқандардың қолдарында таяқ және арматура сияқты өзге де заттар бар.

«Терррористер таяқпен және арматурамен әскерилерді өлгенше ұрды. Алматы, 5 қаңтар, 15:40. Видео-айғақ»,-деп жазды желі қолданушы.

Автордың айтуынша, оқиға Алматының Сейфуллин мен Шевченко көшелерінің қиылысқан жерінде болған.



Басты сөздер: Алматы трагедиясы, Алматы,
Жоғары қарай