Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Әлеуметтік желіге интим суреттерін жариялаған ақмолалық істі болды

2021 жылдың 28 маусым 2021 23:16

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының тұрғыны әлеуметтік желіде өзінің порнографиялық суреттерін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Зеренді ауданының 27 жастағы тұрғынына қатысты Қылмыстық кодекстің 311-бабы «порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату» бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды.

«Биылғы жылғы маусымның 26-да Ақмола облысы ПД криминалдық полиция бөлімшелерінің қызметкерлері әйелдерге қызмет ұсына отырып, өзінің порнографиялық сипаттағы фотосуреттерін таратумен және жарнамалаумен айналысқан облыс орталығының тұрғынын анықтады. Ер адам өз кінәсін мойындады. Белгілі болғандай, жас жігіт әлеуметтік желіде бүркеншік атты қолдана отырып, сауалнаманы, жеке интимдік фотосуреттерді орналастырған», - деді ведомстводан.

Ведомствоның баспасөз қызметі атап өткендей, ер адамнан оның профилі тіркелген телефон тәркіленді. Тергеу амалдары жалғасуда. Күдіктіге қатысты іс жүргізу мәжбүрлеу шарасы келу туралы міндеттеме түрінде таңдалды.


Жоғары қарай