Ауа райы
Астана -25 °С
Алматы -9 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Әлеуметтік желілерде уланған маскалар туралы фейк таратылуда

2020 жылдың 19 қазан 2020 10:35

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде қазақстандықтар есікті қағып, өздерін билік өкілдері ретінде таныстырып, тегін маскалар таратып жүрген адамдар туралы ескерту айтылуда. Бұл хабарламалардың авторларының айтуынша, қорғаныс құралдарына улы химикаттар сіңірілген, оны таққан адам есін жоғалтады, ал қаскүнемдер болса, оның үйін тонайды, деп хабарлайды stopfake.kz.

Бұл фейк Интернетте жарты жылдан бері жүр. Мұндай алғашқы хабарламалар сәуір айында АҚШ-та Нью-Джерсиде тараған. Тәуелсіз фактчекерлер мен штат полициясы бұл ақпаратты бірден жоққа шығарды . Сондай-ақ оны Facebok және Twitter әлеуметтік желілерінен өшірді.

Ал маусым айында Ұлыбритания, Ирландия, АҚШ, Германия, Оңтүстік Африка, Испания, Үндістан және Сингапур елдерінің желі қолданушылары ұқсас хабарламалар жібере бастады. Барлық аталған елдердің полициясы мұндай қылмыстардың орын алғанына ешқандай дәлел жоқ деп қауесетті жоққа шығарды.

Тағы біраз уақыт өткен соң уланған маскалар тарататын тонаушылар туралы хабарламалар Интернеттің орыс тілді сегментінде – Ресейдің түрлі аймақтарында, атап айтқанда, Мордовия мен Якутияда пайда болды. Қазір бұл фейк Қырғызстан мен Қазақстанда танымал. Ешбір елде бұл қылмыстар расталған жоқ.


Жоғары қарай