Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Әлеуметтік желілерде жалған валюта сатылып жатыр - Stopfake

2021 жылдың 21 қаңтар 2021 09:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Instagram әлеуметтік желісінде жалған доллар, рубль, еуро және гривна ұсынатын аккаунттар табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.

Жалған ақша жасаушылардың айтуынша, бұл жалған ақшаны нағыз купюрадан айыру мүмкін емес. Оларды терминалдар мен банкоматтар қабылдайды.

Жалған ақшаны сату жарнамасы басқа платформаларда да кездеседі. Жалған ақша жасаушылар өз қызметтерін негізінен Ресей мен Украинада ұсынады.

Жалған купюралар «бір жерге қою» әдісімен сатылады – оларды белгілі бір жерде жасырады және сатып алушыға белгіленген жердің картасын жібереді. Кейбір жағдайларда «ақшаны» поштамен жібереді.

«Настоящее время» басылымының журналистері Instagram-дағы парақшасында мұндай сату схемасы іс жүзінде қалай жүзеге асырылатынын тексеріп көрген. Алайда, тілші жалған ақша жасаушыларға ақша мен аударымды растайтын чекті жібергеннен кейін, сатушы ықтимал сатып алушыны бұғаттап, бүкіл жазбаны өшіріп тастады.

Қазақстанда ҚР ҚК 231-бабына сәйкес, жалған ақша немесе бағалы қағаздар дайындау, сақтау, ауыстыру немесе өткізу үшін бес жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Егер әлеуметтік желілерден осындай жарнаманы көрсеңіз, сілтемелер бойынша өтпеңіз және авторлармен байланысқа шықпаңыз.


Жоғары қарай