Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алғыс айту күні: Атырау облысының дәрігерлері челлендж ұйымдастырды

2021 жылдың 2 наурыз 2021 07:36

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысының дәрігерлері Алғыс айту күніне орай челлендж ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, «Туған елге мың алғыс!» челленджі бір апта бұрын басталған. Челленджге өңірдегі 35 медициналық мекеменің қызметкерлері қатысқан. Ақ халатты жандар жұмыс істейтін ұжымдар бір апта бойы бір-біріне видео-эстафета жолдап, туған елге, қазақстандықтарға, сондай-ақ, әріптестеріне алғысын білдірді.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Алғыс айту күні аясында өтіп, жатқан челлендж бүгін, 1 наурызда аяқталады.

«Алғыс айтып, ризашылығын білдіру – бұрыннан бар үрдіс. Бұл күні әсіресе, пандемия кезінде жанқиярлықпен өз міндетін абыроймен атқарып, жақындарымыз бен туыстарымыздың өмірін құтқарып қалған әріптестеріме үлкен алғысымды білдіргім келеді», - деді Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда Алғыс айту күні қарсаңында 33 медицина қызметкері марапатталғанын хабарлаған едік.


Жоғары қарай