Ауа райы
Астана -19 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Әли Ахмедов «Головкин-Шеремета» кездесуінің андеркартында рингке шығады

2020 жылдың 25 қараша 2020 19:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бірінші ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Әли Ахмедов (16-0-0,12КО) «Головкин-Шеремета» жекпе-жегінің андеркартында жұдырықтасады, депхабарлайды ҚазАқпарат.

BoxRec порталында мәлім етілгендей, Әли Ахмедовтің келесі жекпе-жегі 18 желтоқсанға белгіленген. Алайда қарсыласы әзірге белгісіз.

Айта кетейік, IBFжәне IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) 18 желтоқсанда IBF титулының міндетті қарсыласы поляк боксшысы Камил Шереметамен (21-0, 5 КО) жұдырықтасады.

Жекпе-жек АҚШ-тың Флорида штатындағы Hard Rock Hollywood казино-қонақүйінде өтеді. Сондай-ақ, бокс кешінің андеркартында Ахмедов бастаған 6 жұп өнер көрсетеді.


Жоғары қарай