Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Әли Ахмедов нокаутпен жеңілісінен кейін дайындыққа қайта кірісті

2021 жылдың 20 сәуір 2021 17:03

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Әли Ахмедов (16-1, 12 КО) келесі жекпе-жегіне дайындығын жалғастыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Instagram Stories-інде Ахмедов спортзалда түсірілген фото жариялап, оны «Жұмыс» деген жазумен толықтырды. Қазақстандықтың шаршы алаңға оралу уақыты белгісіз.

Әли Ахмедов соңғы жекпе-жегін өткен жылдың желтоқсанында АҚШ-тың Флорида штаты, Голливуд қаласында өткізді. Онда өзінің бокс мансабында алғаш рет жеңіліс тапты - эквадорлық Карлос Гонгора (20-0, 15 КО) екінші орта санаттағы IBO әлем чемпионының бос титулы үшін айқаста Ахмедовті нокаутқа жіберді.

Еске сала кетейік, Әли – Геннадий Головкиннің промоутерлік компаниясы GGG Promotions-тың боксшысы.


Басты сөздер: Бокс, Спорт,
Жоғары қарай