Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Әлихан Смайылов ЕАЭО-да көлік инфрақұрылымын цифрландыруды ұсынды

2019 жылдың 30 қыркүйек 2019 22:22

ЕРЕВАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қаржы министрі Әлихан Смайылов Еревандағы «Еуразиялық континенттің транзиттік әлеуеті» халықаралық форумында ЕАЭО-дағы транзиттің өзекті мәселелерін көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біріншіден, бұл көлік инфрақұрылымының 40-тан 100 пайызға дейінгі айтарлықтай тозуы. Бұл, әрине, жолдардың сапасына, логистика тиімділігінің төмендеуіне әсер етеді, тасымалдар мен тауарлар бағасының қымбаттауына алып келеді. Екіншіден, бұл бюрократизация деңгейінің жоғары болуы, сондай-ақ заманауи технологиялардың, цифрландырудың баяу енгізілуі»,-деді Ә. Смайылов.




Оның айтуынша, Қазақстан Ресеймен бірге пилоттық форматта шекараларда навигациялық пломбалар енгізді. Ендігі жоспар - оны ЕАЭО елдерінде көпжақты форматта енгізу. Бұл, олардың арасындағы транзитті ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, РФ аумағы арқылы санкциялық тауарлардың транзиті мәселесін шешеді.

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қаржы министрі Әлихан Смайылов ЕАЭО ортақ логистикалық дәліздерін құру бойынша үйлестірудің жетіспеушілігіне әріптестерінің назарын аударып, Еуразиялық экономикалық комиссияға ЕАЭО көлік инфрақұрылымын цифрлау мәселесін пысықтауды ұсынды.

Естеріңізге сала кетейік, «Еуразиялық континенттің транзиттік әлеуеті» халықаралық форумы осы күндері Армения астанасы - Ереван қаласында ЕЭК Кеңесі аясында өтуде. Форумның басты тақырыбы-трансконтинентальдық көлік байланыстарын дамыту.




Жоғары қарай