Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Әлихан Смайылов Ресей Үкіметінің басшысы Михаил Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті

2022 жылдың 11 қаңтар 2022 19:48

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды primeminister.kz.

Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы М. Мишустин Ә. Смайыловты Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі лауазымына тағайындалуымен құттықтады.

Тараптар стратегиялық әріптестікті екіжақты және көпжақты форматта одан әрі нығайтуға әзір екендіктерін білдірді.

«Қазақстан Үкіметі Ресей Федерациясымен стратегиялық серіктестікті тереңдету бағытын берік ұстанады. Сізбен бірге екіжақты күн тәртібінің барлық саласы бойынша Қазақстан-Ресей қарым-қатынасына тән мазмұнды және тұрақты диалогты әрі қарай жалғастыра береміз деп үміттенемін. Біз бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыруға барынша дайынбыз», — деді Ә. Смайылов.

Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық және өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Ресей – Қазақстанның негізгі сауда-экономикалық серіктесі.

Осы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша ҚР мен РФ арасындағы тауар айналымының көлемі 30%-ға артып, $19,5 млрд-қа жетті.

Бұл ретте сауда құрылымын әртараптандыруда ілгерілеушілік байқалып отыр – Қазақстанның экспорт көлемі 39,4%-ға, оның ішінде өңделген өнім экспорты 47,7%-ға өсті.

2019 жылғы пандемияға дейінгі кезеңмен салыстырғанда сауда көлемі де 21%-дан астамға өсті.


Жоғары қарай