Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Аллен Шәйжүнісов «QazExpoCongress» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды

2020 жылдың 30 шілде 2020 16:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Аллен Сержанұлы Шәйжүнісов жалғыз акционер – Сауда және интеграция министрлігінің шешімімен «QazExpoCongress» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

А. Шәйжүнісов 2015 жылдан бастап «QazExpoCongress» Ұлттық компаниясында (2020 жылдың ақпанына дейін – «Астана ЭКСПО-2017») Маркетинг және ілгерілету департаментінің директоры, басқарушы директор, басқарма төрағасының орынбасары, басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарды. Сонымен қатар, Аллен Шәйжүнісов Дүниежүзілік «EXPO-2020 Dubai» көрмесіндегі Қазақстан секциясының Бас комиссары.

Аллен Шәйжүнісов Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын, Қазақ қаржы-экономикалық академиясын бітірген.

А. Шәйжүнісов еңбек жолын 1998 жылы «Қазақстан кабель компаниясы» ЖШС Ресей Федерациясындағы өкілдігінде бастады. Кейін дипломатиялық қызметте болды, әр жылдары Маңғыстау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясының орталық аппараты хатшылығының меңгерушісі, «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС Басқарушы директоры, Қазақстан Республикасының велосипед спорты федерациясының вице-президенті, Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары, Қазақстан футбол федерациясы бірінші вице-президенті қызметтерін атқарды.


Басты сөздер: Тағайындау, Қоғам,
Жоғары қарай