Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алма-Арасан шатқалы өртенді

2020 жылдың 21 қазан 2020 10:48

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Өрт сөндірушілер Алма-Арасан шатқалынан шыққан өртті оқшаулады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін 21 қазан күні таңғы сағат 5:46- да Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің табиғи өрттерге жедел әрекет ету жасағы экопосттың жоғары жағындағы Алма-Арасан шатқалына шақыру бойынша жоғары деңгейге жіберілді. Кіру жолдарының жоқтығынан жасақ жаяу жүрді. Оқиға орнына жеткенде таудың басында, 1,5 гектар аумақта қураған ағаштар мен шыршалар жанып жатқан. Бірден Солтүстік, оңтүстік-шығыс және батыс жағынан 3 өрт сөндіру алаңы орналастырылды. Қызыл жалынды ауыздықтау үшін «Ермак» өрт сөндіргіш құралы қолданылды»,– деп хабарлады ведомствадан.

Шұғыл қабылданған шаралардың арқасында, сағат 08: 02-де оңтүстік-шығыс пен батыс жағы өрттен оқшауланды.

Өртті сөндіруге 71 қызметкер жұмылдырылды. Олардың ішінде 30 өрт сөндіруші, 7 техника бар.

Қазіргі уақытта оттың жеке ошақтарын сөндіру жұмыстары жұмыстары жүргізілуде. Өрт сөндірушілер орманды алқапты қорғап қалды.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды дала және орман алқаптарында болған кезде қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады. Орманды дала өрттерінің негізгі себептері - тұрғындардың отқа немқұрай қарауы. Сондай-ақ, от жағушылар мен өрттің шығуына себепкер болғандар әкімшілік жауапкершілікке, ал үлкен шығын келтірілген жағдайда Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығын еске салады.
Жоғары қарай