Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы әкімдігі ата-аналарды балаларын онлайн оқытуға шақырды

2021 жылдың 14 наурыз 2021 20:13

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімдігі ата-аналарды балаларын онлайн оқытуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құрметті ата-аналар! КВИ жағдайларының тіркелуінің ұлғаюына байланысты Алматы әкімдігі мүмкіндігінше балаларды үйде онлайн оқуда қалдыруды сұрайды. Сонымен бірге, мұндай мүмкіндігі жоқ ата-аналар үшін мектепте жоғары санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес аралас оқыту жалғасатындығы туралы хабарлаймыз. Барлық мектептер дезинфекциялық құралдармен 100% қамтамасыз етілген»,- деп мәлім етті Алматы қаласының Білім басқармасы.

Айта кету керек, КВИ-ге қатысты эпидемиологиялық ахуал Алматыда 2 наурыздан бастап бағалау матрицасының «сары» аймағына, ал 10 наурыздан бастап «қызыл» аймағына өтті.

Эпидемия басталғаннан бері коронавирустық инфекцияның 27 361 жағдайы (100 мың тұрғынға шаққанда 1 344,7), сондай-ақ 1666 коронавирустық пневмония тіркелді.

КВИ ауруының өсуі 3 наурызда басталды. Сол кезде тәулігіне 121 ауру тіркеліп, 13 наурызда күніне 360 жағдайға жетті.

Соңғы 7 күнде ауру деңгейі 61,2 құрады, репродуктивті саны R - 1,3.

Мектептерде 1-5 сыныптардан бастап оқудың басталуына байланысты 14 жасқа дейінгі балалар арасында инфекция 22,4%-ға өскен.


Жоғары қарай