Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Алматы әкімдігі: Дәріханада дәрі қымбаттаған жоқ

2020 жылдың 13 шілде 2020 18:06

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әкімдігі дәріханаларда дәрі бағасы бақылауға алынғанын айтып, осы уақытқа дейін заңбұзушылық тіркелмегеніне сендірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығының президенті Марина Дурманова ҚР ДСМ №104 бұйрығына сәйкес, дәрінің шекті бағасы белгіленгенін айтты.

«Бізде дәрі бағасын мемлекет реттейді. Сондықтан, әрбір өзін құрметтейтін бизнесмен осы шекті бағаны асып кетпейді. Өйткені бірінші мәрте оған үлкен көлемде айыппұл салынады. Екінші рет кәсіпорынның жұмысы 6 айға тоқтатылуы мүмкін. Бизнес жабылды деп санауға да болады», - деді ол.

Оның айтуынша, дәріханалар тарапынан заңбұзушылық тіркелмеді.

«Бізде шекті баға бар. Мысалы парацетамол бұрын 70-80 теңге болған. Шекті бағасы - 128 теңге. Одан қымбат болуы мүмкін емес. Дәріханалардың біреуі де бұл бағаны көтерген емес. Бағаны көтеру туралы әңгіме болды. Бірақ, баға қымбаттамады», - деді Марина Дурманова.

Ал қала әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев қала дәріханаларындағы бағаны арнайы комиссия бақылауда ұстап отырғанын айтты.

«Баға көтеру бойынша бір де бір дерек кездеспеді. Біз қатаң бақылауға алмас бұрын біреулер 3 парацетамол орнына 100 қаптама сатып алып отырған. Сосын оны интернет арқылы сатып отырған. Бұл деректерді біз полицияға бердік. 11 дерек анықталды», - деді С.Тұяқбаев.

Оның айтуынша, қалада 800 дәріхана бар. Олардың жұмысы әкімдік пен фармкомпаниялар арасындағы келісім негізінде бақылауға алынған.


Жоғары қарай