Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы әкімдігі даулы «Дамумедке» байланысты тексеруге кірісті

2020 жылдың 7 тамыз 2020 17:00

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда өткен онлайн брифинг барысында қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысы Камалжан Надыров «Дамумед» жайлы дауға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік желіде «Дамумедке» қатысты даулы жағдайлар туындаған болатын. Қала тұрғындары өздерінің дәрігерге бармаса да жазылып тұрғанын көріп таң қалысқан болатын.

«Бұл мәселені бақылауға алдық. Қазір осы ақпараттық жүйеге қатысты даулы мәселелер туындап тұр. Әлеуметтік Медициналық сақтандыру қоры бұл дерекке байланысты қызметтік тексеруді бастап кетті. Қоғамдық басқарма да тексеруді бастайды. Тексеру нәтижесінде ұйымдастыру бойынша бірқатар шешім қабылданады», - деді Надыров.

Басқарма басшысы ақпараттық жүйенің пайдалы тұстарын да атап өтті.

«Осы қосымша арқылы адам барлық талдауларын, қорытындыларын көре алады», - деді ол.


Жоғары қарай