Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 413.12
EUR 452.86
RUB 5.82
CNY 57.92

Алматы әкімдігі подъездер мен аулаларды дезинфекциялау жұмысын күшейтті

2020 жылдың 25 наурыз 2020 10:48

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әкімдігі подъездер мен аулаларды дезинфекциялау жұмыстарын күшейтпек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін бұл жұмысты ПИК пен басқарушы компаниялар атқарып келсе, енді 25 наурыздан бастап тұрғындардың өтінішіне орай карантин режімінде бұл жұмыстарды әкімдік өз мойнына алды.

Төтенше жағдай бойынша құрылған жедел штаб осындай шешім қабылдады. Енді қаладағы 4 мыңнан астам аула мен 24 мың подъезге санитарлық тазалау жұмысы жүргізіледі. Дезинфекция жұмысын арнайы компания аптасына екі рет бекітілген кестеге сәйкес атқарады.

Осы орайда айта кету керек, бір күн ішінде қаланы түгел қамту мүмкін болмайтындықтан, қала аумағы үш бөлікке бөлінген.

«Подъездердегі тұтқаларды, кірберістерді жуып тазалау ПИК тарапынан жасалады. Кез келген сұрақ бойынша Open Almaty 1308 нөміріне хабарласуға болады. Барлық ресми ақпаратты Алматы қаласы әкімдігінің ресми сайтынан және әлеуметтік парақшасынан да оқи аласыз. Қосымша ақпараттар Stopcov Almaty Telegram-каналына және Darmen қосымшасына жедел жарияланып отырады», - деді әкімдіктен.


Жоғары қарай