Ауа райы
Астана -25 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 387.16
EUR 428.47
RUB 6.08
CNY 55.13

Алматы әкімдігі жекелеген үйлерге жылу неліктен берілмегенін түсіндірді

2019 жылдың 21 қазан 2019 16:21

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда бірқатар тұрғын үй әлі күнге дейін жылу жүйесіне қосылмаған. Мұның себебін қала әкімдігі түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда жылу 15 қазанда берілген болатын. Жылыту маусымының басталуы метеорологиялық болжамдармен және ауа райын күнделікті бақылаумен анықталды. Бірінші кезекте ауруханалар, балабақшалар, мектептер мен басқа да әлеуметтік нысандар қосылды.

Кейін орталықтандырылған жылу тұрғын үйлерге де беріле бастады.

«Нысандарды жылу жүйесіне қосу бірнеше күнге созылады. Айта кету керек, тұрғын үйлерді жылу жүйесіне қосу үшін ПИК немесе үйге қызмет көрсететін басқару компаниялары жауап береді. 15 қазан күні ПИК тұрғын үй қорының негізгі бөлігін жылуға жалғады. Десек те, әлі күнге дейін кейбір үйлерде жылу жоқ. Пәтер иелерінің кооперативтері бұл проблеманы шешпеген», - деп хабарлады әкімдіктен.

Тұрғындар жылыту жүйесіндегі қандай да бір проблемаларға қатысты 8 (727) 262 15 11 сенім телефонына хабарласа алады.

Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, Әкімдік, Аймақ,
Жоғары қарай