Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы әкімі Алғабас тұрғындарының шағымына жауап берді

2021 жылдың 2 сәуір 2021 13:01

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев онлайн брифинг барысында Алғабас жолдарына қатысты пікір білдірді. Бұған дейін тұрғындар жолдардың балшыққа батып жатқанын айтып, шағымданған еді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Брифинг барысында журналистер әкімнен Алғабас шағынауданы тұрғындарына жедел жәрдем қалай жететінін сұрады.

Бұған дейін аталған аудан тұрғындары қазылған жер мен ілініп тұрған электр сымдарына шағымданған болатын.

«Алғабастағы жағдай бір күнде шешілмейді. Бұл аумақтар облыстан қосылғанын білесіздер. Сым, иә, ашық ілініп тұр. Бұл ауылдар салынған кезде тұрғындар сымды өздері тартқан. Оларды ретке келтіру үшін кешенді жұмыс жүргізу керек, оны істеп жатырмыз. Барлық Алғабасты электрлендіру үшін ЖСҚ жасау керек, ақша бөлу керек. Ол сымды тарта салу немесе «изолентамен» орау емес қой. Бұл - үлкен инженерлік жұмыс. Барлық Алғабас бір күнде ретке келмейді», - деді әкім.

Сонымен қатар, әкім қазылған жолдарға да түсінік берді.

«Жолдарға келетін болсақ, бірінші кезекте адамдар орталықтандырылған кәріз жүйесін, сумен жабдықтауды сұрайды, бірақ оны жүргізу үшін қазу керегін түсінесіз ғой. Мысалы, бізде қаланың 23 шағынауданы мүлде ештеңемен қамтамасыз етілмеген. Мен Алғабас тұрғындарына бірнеше рет барып, түсіндірдім. Асфальт төсейміз. Жалпы бізде 2023 жылға дейінгі барлық шағынауданды сумен және кәрізбен қамтамасыз ету міндеті тұр. Оған триллион теңгеге жуық қаражат бөлінді. Бұл - аз сома емес және күрделі жұмыс», - деді Бақытжан Сағынтаев.


Жоғары қарай