Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы әкімі арнайы ХҚКО-ны «Автодом» кешенінен ауыстыруды тапсырды

2021 жылдың 20 мамыр 2021 22:00

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бақытжан Akimat Live бағдарламасының эфирінде қала тұрғынының өтінішінен кейін Сәтбаев көшесі бойындағы Сауда орталығына барып, жағдаймен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев Facebook-тегі парақшасында қала тұрғынының Akimat Live бағдарламасына хабарласып, «Автодом» сауда үйінің маңында орналасқан арнайы халыққа қызмет көрсету орталығы туралы айтқанын және жұмыс сапары кезінде сол жағдаймен танысқанын хабарлады.

Мұнда супермаркеттер, автосалон, басқа да сауда орталықтары, көпқабатты тұрғын үйлер орналасқандықтан бұл учаскенің, әсіресе, демалыс күндері кептелістен көзі ашылмайтыны шындық.

«Осыған байланысты көліктерді рәсімдеу бойынша қызметтерді Алатау ауданының мамандандырылған ХҚКО-сына қайтаруды тапсырдым. Ол жерде келушілер үшін де, автокөліктер үшін де жеткілікті орын бар», - деп жазды Бақытжан Сағынтаев.





Бұдан өзге, Алматы әкімі жақын маңдағы тұрғын үй кешені тұрғындарының өтініші бойынша Бостандық ауданының әкімі мен қалалық мобильділік басқармасының басшысына қарқынмен салынып жатқан учаскенің жол жүру жолдары мен әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту жоспарын ұсынуды тапсырды.


Жоғары қарай