Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы әкімі қаладағы екпе егетін пунктілердің жұмысын тексерді

2021 жылдың 4 сәуір 2021 09:55

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев бірқатар қалалық емханаға барып, вакциналаудың ұйымдастыру жұмысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шаһар басшысы Instagram парақшасыда №5 аурухана және № 15, 17, 29 емдеу мекемелерінде орналасқан екпе кабинеттерінің жұмысымен танысқанын жазды.

Мегаполис әкімі вакциналауға бірінші болып келген алматылықтармен әңгімелесті. Ол коронавирусқа қарсы тұрудың жалғыз мүмкіндігі екпе екенін еске салды.

Қалалықтар вакциналауға түсіністікпен қарауда.

Оның мәліметі бойынша, вакцинация пунктілері 70 емханада, 31 сауда орталығында, ірі мәдени, білім және спорт мекемелерінде орналастырылуда.

«Қалада КВИ таралуын болдырмау жөніндегі жедел штабтың отырысында жаппай вакцинациялау науқанын ұйымдастыру мәселелері қаралды.

Барлығы 250-ге жуық пункт ашылады. Олардың жұмысын 2250 маман - дәрігерлер, мейірбикелер, тіркеушілер қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, дәрігер резиденттердің ішінен 1200 ерікті тартылады. Қосымша мобильді жылжымалы пункттер құрылды»,- деп жазды әкім.

Сонымен қатар, ол корнавирусқа қарсы ерікті жаппай вакциналаудың бекітілген жоспарына сәйкес, суық тізбекті сақтау үшін мұздатқыштармен жабдықтауға ерекше назар аударылатынын атап өтті.
















Жоғары қарай