Ауа райы
Астана -12 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы әкімі қаладағы проблемалық учаскелерге барды

2020 жылдың 3 қараша 2020 14:33

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары кезінде тұрғындары бірнеше мәрте көмек сұраған Медеу ауданының түйткілді учаскелерінде болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Думан» ықшамауданында 18,5 шақырым сумен жабдықтау және 26 шақырым су бұру желілерінің құрылысы аяқталуда. Қоғамдық көлік бағыттары өтетін 6 көшеде — Хан Тәңірі, Қазығұрт, Қарқаралы, Ақмешіт, Борабай, Болашақта 3,7 шақырым жолда күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Бұл жұмыстарды қараша айында аяқтау жоспарланған»,– деп жазды Бақытжан Сағынтаев Instagram парақшасында.










Сонымен қатар, ол келесі жылы қалған 53 көшенің жолы жөнделетінін атап өтті.

«Мұзтау» ықшамауданында инженерлік желілерді салуға байланысты қазылған жол жабынын тез арада қалпына келтіруді тапсырдым. Бутаковка шатқалына апаратын жолдың ұзындығы - 4,6 шақырым. Бұл жол туристік бағыттардың қатарына кіреді», - деп жазды Б. Сағынтаев.

Тағы бір мәселенің шешімі жауын-шашыннан көшкін жүруі ықтимал «Компот» деп аталатын массивтің тұрғындарын қорғауға мүмкіндік берді. Көккинаки көшесіндегі қауіпті аймақта 42 үй болған.

Биыл жылдың соңына дейін жалпы ұзындығы 350 шақырым болатын беткейлерді нығайту жоспарланған. Алмалық көшесі бойындағы еңісті нығайтып, арық жүйесін орнату жұмыстары аяқталды, мұндағы қауіпті аймақта 60 үй болды.

Еске салайық, тау бөктерінде тұратын тұрғындар көшкін қаупінен қорқып, Алматы қаласының әкімі Б. Сағынтаевтан көмек сұраған еді.

Оның тапсырмасы бойынша қаражат бөлінді және беткейлерді нығайтуға мүмкіндік беретін габион құрылымдарының құрылысы жүзеге асты.

Сонымен қатар, жаңбыр суын ағызатын арықтар салынып жатыр.














Жоғары қарай