Ауа райы
Астана 12 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы әкімі «Қазақфильмде» өрттің шығу себебін анықтауды  тапсырды

2020 жылдың 15 тамыз 2020 00:25

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев «Қазақфильмде» өрттің шығуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақфильмде» өрт шықты. 400 шаршы метрді құрайтын өрттің бірінші ошағы сағат 23: 10-да ауыздықталды. Өрттің екінші ошағы 200 шаршы метрді құрайды. Ол сағат 23: 26-да ауыздықталды. Өртті сөндіруге 53 қызметкер мен 16 техника жұмылдырылды. Өрттің салдары жойылуда. Зардап шеккендер жоқ. Полиция департаменті мен Төтенше жағдайлар департаментіне қанша шығын келгенін және өрттің шығу себебін анықтауды тапсырдым«, - деп жазды әкім Twitter парақшасына.

Еске сала кетсек , бұған дейін Алматыда Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ музейінде өрт шыққаны туралы жазған болатынбыз.


Автор Зарина Қаһарман
Басты сөздер: Алматы, Оқиға, Әкімдік,
Жоғары қарай