Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы әкімі Виктор Храпуновтың кезінде жеке меншікке өтіп кеткен жер туралы пікір білдірді

2021 жылдың 8 желтоқсан 2021 14:28

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың бұрынғы әкімдерінің бірі Виктор Храпуновтың кезінде жеке меншікке өтіп кеткен жер телімі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Акушерлік және гинекология орталығының Enterprise Development Group жеке комипаниясына сатылған жер телімінде элиталы үй салынып жатыр. Мемлекеттік сәулет және қала құрылысын бақылау басқармасы Алматы қаласының әкімдігі мен жергілікті компанияны сотқа берген еді. Негіздеме – орталыққа тиесілі жерді жеке меншікке беру туралы шешмнің күшін жою туралы талап болды. Бірақ экономикалық сот ол талапты кері қайтарды. Жер телімі қаланың әкімі Виктор Храпунов болған кезде жеке менішкке берілген. Осы жерді мемлекет меншігіне қайтарасыз ба? Орталық коммуниакциялар қызметінде өткен брифингіде қала әкіміне осындай сұрақ қойылды.

«Біріншіден, ол жерде ешқандай құрылыс салынып жатқан жоқ. Біздің ұстанымымыз нақты әрі өзгермейді. Біз бұл жер заңды иесіне қайтарылуы керек деген болатынбыз. Ол жерде Акушерлік және гинекология орталығы орналасқанын алматылықтар жақсы біледі. Нысанның маңайында саябақ аумағы болған. Бір кездері қандай да бір жолмен ол телім жеке қолға өтіп кеткен екен. Біздің қазіргі ұстанымымыз мынадай – ол жерде ешқандай құрылыс жүрмеуі керек. Біз соттасып жатырмыз», - деді Алматы әкімі.


Жоғары қарай