Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Алматы әкімі зираттағы қабір саны вирустан қайтыс болғандар санынан неге көп екенін айтты

2020 жылдың 27 мамыр 2020 17:11

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев коронавирустан қайтыс болған адамдардың санынан қазылған қабір саны неге көп екендігін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала басшысы алгоритм бойынша қайтыс болған адамдардың барлығын арнайы комиссия коронавирусқа тексеретінін айтты.


«Дәрігерлер комиссиясы шешім қабылдайды. Егер адам коронавирустан қайтыс болған болса, онда мәйіт арнайы полигонға жерленеді. Бізде негізгі диагнозы коронавирус болып түскен 10 адам қайтыс болды. Әдетте бізде адамдар әртүрлі аурулардан да қайтыс болып жатады. Жүрек, қант диабеті ауруларынан қайтыс болғандар бар. Оларды мәйітінен анализ алынғанда, коронавирус бар екені анықталса, бұл мәйіттер де жаңағы полигонға жерленеді. Барлық мәйіт тексеріліп барып жерленеді», - деді әкім.


Жоғары қарай