Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы «Ашық әкімдік» фронт-офисі ашылды

2021 жылдың 7 маусым 2021 15:03

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен қала әкімдігінің ғимаратында «Ашық әкімдік» фронт-офисі құрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жоба «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында әкімдікке жүгінетін азаматтардың мәселелерін шешу үшін жайлы жағдай жасау мақсатында іске асырылды.

Өтініштер «бір терезе» қағидаты бойынша қаралады және есепке алынуына орай аудандық әкімдіктерге немесе қала басқармаларына жіберіледі.

Өтініштер бойынша жұмыс істейтін жобалық кеңсемен бірге фронт-офис қызметкерлерінің іс-әрекеттерінің алгоритмі жасалды, оның құрамына құрылымдық бөлімшелердің басшылары мен аудан әкімдері аппараттарының басшылары енді.

Жазбаша өтініш берген кезде электрондық кезектің купоны беріледі. Өтінішке тіркеу нөмірі жазылады, ол бір мемлекеттік органнан екіншісіне берілуін болдырмайды және толық әрі нақты жауапты қамтамасыз етеді.




Қазіргі кезде барлық аудандық әкімдіктерде фронт-офистер жұмыс істейді, «аудан - басқарма - қала» вертикалы жасалған. Болашақта аудандық әкімдіктерде тұрғындарды қабылдаудың электронды брондау түрі қарастырылған.

Фронт-офис ахуалдық орталық ретінде өзекті мәселелерді шешу бойынша жедел шаралар қабылдауды қамтамасыз етеді әрі өтініштің қайталануының алдын алады. Өтінімдерді өңдеу тиімділігін жеделдету мақсатында күн сайын қызметкерлердің атқарған жұмыстарына ТНК бойынша мониторинг жүрігізіледі.

Алматы әкімдігінде «Құжат айналымының бірыңғай жүйесі» орнатылған, қазіргі кезде азаматтардың өтініштерін жедел қарауға мүмкіндік беретін «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі енгізілген.




Сонымен қатар «1318» қысқа нөмірі бар көп арналы колл-орталық жұмыс істейді. Ол азаматтарға өтініштер туралы ақпарат алуларының басты көзі болып табылады, яғни өтінімнің қабылдануынан бастап, орындалуы, азаматтың берілген жауапқа қанағаттануы туралы толық ақпарат ұсынады.

Азаматтарды қабылдауды ұйымдастырумен, өтініштерді тіркеумен, бақылау мен орындалуына мониторинг жүргізумен, өтініштердің орындалуына сараптама жасаумен және тапсырма берумен Алматы әкімі аппаратының өтініштерді қарауды бақылау бөлімі айналысады.





Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Әкімдік, Алматы,
Жоғары қарай