Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы аудандық сотының судьясы пара алғаны үшін 4 жылға сотталды

2020 жылдың 30 шілде 2020 18:00

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Бостандық аудандық сотының судьясы Эльвира Оспанова пара алғаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әуезов аудандық соты Оспанова Эльвираға қатысты ҚР ҚК 366-бабымен азаматтық істі қарады.

Сот шешімімен күдікті азаматтық іс бойынша пара алғаны үшін айыпты деп танылды. Оның судьялық уәкілеттілігі 2019 жылдың 13 қарашасынан тоқтатылды.

«Жаза тағайындау кезінде ант берген азаматтарды бас бостандығынан айыру – әділ үкім деп санаймыз. Осыған байланысты Оспанованы 4 жылға бас бостандығынан айырып, мемлекеттік қызметке тағайындалуына тыйым салынды», - деді қалалық соттың баспасөз қызметі.

Мұның алдында Бостандық аудандық сотының судьясы 3 мың АҚШ доллары көлемінде пара алған жерінен ұсталғаны жазылған болатын.


Жоғары қарай