Ауа райы
Астана -15 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы әуежайы халықаралық рейс жолаушыларының келу тәртібін түсіндірді

2020 жылдың 29 қазан 2020 14:45

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әуежайында халықаралық рейспен келген жолаушылардың арасында қауіпсіздік шаралары қалай сақталатыны туралы айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

4 қазанда қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Халықаралық әуежай территориясында сырттан келетін жолаушылар арасында коронавирус инфекциясын таратудың алдын алуда қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырған болатын.

ҚР көліктегі Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес қазақстандықтар ПТР анықтамасы болмаса да, келе алады. Алайда олар 7 күндік карантинге жабылады.





Ал ПТР анықтамасы жоқ шетел азаматтары ұшар кезде әуе компаниясының бортына отырғызылмауы керек.

ПТР тесті жоқ жолаушына отырғызған әуе компаниясына 4,5 млн теңге айыппұл салынады.

Ұшақ бортында жолаушылардан толық анкета толтырылады.

Санитарлық қызмет өкілдері жолаушылардан анықтама жинайды.

Алматы әуежайына түскен соң жолаушылардың міндетті түрде дене қызуы өлшенеді. Ұшақтан түсер кезде жолаушылар екіге бөлініп тұрады. Біріншісінде ПТР талдауы жоқ Қазақстан азаматтары болса, екіншісінде ПТР талдауы бар жолаушылар болады.





Ары қарай оларды арнайы қызмет өкілдері алып кетеді. Бірінші қатардағы жолаушылар бірден стационарға жатқызылады. Басқаларына әуежайдан шыға беруіне рұқсат беріледі. Алматы әуежайында санитайзерлер, қашықтықты сақтауға арналған белгілер жасалған.

«Әр халықаралық рейс келген сайын келу аймағы дезинфекцияға жабылады», - деді баспасөз қызметінің маманы.

Сонымен қатар, терминалда COVID-19 талдаудан өтуге болады. Екінші қабатта ПТР, ИФА және экспресс-тестілеу жүргізіледі.

Оңтүстік Кореяның Asiana Airlines компаниясының өкілі Всеволод Кимнің айтуынша, Қазақстан азаматтары дақо Оңтүстік Кореяға ПТР талдауы болмаса, кіре алмайды.

«Оңтүстік Корея Үкіметінің шешімімен ПТР анықтамасы міндетті болып табылады. 25 қазанға дейін Asiana Airlines тек Кәріс азаматтарын ғана бортқа кіргізе алатын. Енді біз басқа ел азаматтарын да тасымаладй алатын болдық. Бірақ олардың саны 100 аспауы керек», - деді Всеволод Ким.

Айта кету керек, қазан айының басынан бастап Алматыда 33 жолаушыдан КВИ анықталып, рейстен түсірілген болатын.








Жоғары қарай