Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы әуежайында көлік ұшақтың астына кіріп кетті

2021 жылдың 22 қазан 2021 10:30

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы халықаралық әуежайында көлік ұшақтың астына кіріп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде пайда болды. Онда ұшақ пен көлік бүгін таңғы сағат жетіде соғылғаны айтылған.

Көліктік полиция департаментіні мән-жайды анықтап жатыр.

«Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабының 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201 -бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді»,-деп хабарлады ведомствадан.




Айта кетейік, осы жылдың мамырында Алматы әуежайында екі ұшақ соқтығысқан.

Тіркеп сүйреу кезінде А 320 ұшағы Boeing 767 ұшағын жанап өтті. Екі әуе кемесі де Air Astana әуе компаниясына тиесілі.





Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, Көлік, Оқиға,
Жоғары қарай