Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы ауруханаларындағы төсек-орын 10 мыңға дейін ұлғайтылуы мүмкін

2021 жылдың 28 маусым 2021 19:10

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы коронавирус бойынша бірнеше сценарий әзірледі. Жағдай ушығатын болса, стационарлардағы төсек 10 мыңға дейін ұлғайтылуы мүмкін.

Бұл туралы онлайн брифинг барысында Нариман Табынбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Коронавирустың төртінші толқынына дайындық жүріп жатыр. Біз 3 түрлі сценарий әзірледік. Біріншісі, ол бір тәулікте 400 -ден 800-ге дейін жағдай тіркелетін болса, оның ішінде 450 науқас ауруханаға түссе, онда төсек-орын санын 3700 дейін көбейтеміз. Оған 4460 медицина қызметкері жұмылдырылады. Екіншісі, яғни бір тәулікте 1200-1500 коронавирус жағдайы анықталса, онда төсек-орын 7 мыңға дейін ұлғайтылады. Медицина мамандарының саны алты мыңнан асатын болады. Үшінші сатысы, жағдай күрделенетін болса, онда стационарлардағы төсек орынды 10 мыңға дейін жеткіземіз»,- деді басқарма басшысы.

Бұған дейін, Жандарбек Бекшин коронавирустың төртінші толқыны басталуы мүмкін екенін мәлім еткен болатын.

Оның айтуынша, бұған дейін британдық «альфа» штаммы коронавирустың үшінші толқынына себеп болған. Осы жолы «дельта» штаммы төртінші толқынды туғызуы әбден мүмкін.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, Медицина,
Жоғары қарай