Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы базарындағы өрт сөндірілді

2020 жылдың 31 қазан 2020 16:43

НҰР-СҰЛТАН.ҚазАқпарат - 31 қазанда сағат 14.41-де өрт сөндipушілер Aлатау ауданының Райымбек даңғылы бойындағы «Жiбек жолы» базaрында өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады. Өрт сөндipушiлер сағат оқиға орнына сағат 14:48-де жетті. Осы кезде базардың автобөлшектер сататын 8 контейнерiнiң жоғары бөлiктерi жанып жатқан.

Қабылданған шаралардың арқасында өрт 30 минутта ауыздықталды. 80 шаршы метр аумақты жалмаған жалын 15.28-де толықтай сөндірілді.

Өртті сөндіруге жеке құрамнан 67 адам және 16 бipлiк техника, сондай ақ өзара әрекет ету қызметтері жұмылдырылды.

Жоғары қарай