Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы-Бішкек тас жолында 7 көлік соқтығысты

2021 жылдың 25 ақпан 2021 16:06

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы-Бішкек тас жолында қалың қар мен көктайғақ салдарынан 7 көлік соқтығысты. Бір адам дене жарақатымен ауруханаға жеткізіліп, тексеруден кейін үйіне жіберілді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазіргі таңда облыс аумағында боран соғып, бұрқасындатып тұр. Талдықороған-Үшарал бағытында қоғамдық көліктер мен дизельдік қозғалтқышы бар көліктерге қозғалыс шектелді. Сондай-ақ ауа райының бұзылуына байланысты Алматы-Өскемен тас жолынан Қапал Арасан шипажайына дейінгі 45 шақырым жол көліктің барлық түріне жабылды. Төтенше жағдайлар қызметкерлері алыс сапарлардан бас тартып, сақ болуды ескертеді.

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі көліктердің жаппай соқтығысуын растады. Оқиға бүгін болған. Ресми мәлімет бойынша 7 көлік соқтығысқан. Оның ішінде біреуі жолаушылар автобусы.


Жоғары қарай