Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

«Алматы-Бішкек» тасжолында жол талғамайтын көліктің жүргізушісі мерт болды

2020 жылдың 28 мамыр 2020 16:50

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - «Алматы-Бішкек» тас жолында «Toyota Land Cruser-100» көлігінің 67 жастағы жүргізушісі мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«27 мамыр күні сағат 23:00 дер шамасында « Toyota Land Cruser-100» көлігінің жүргізушісі «Алматы-Бішкек» тас жолының 137 шақырымында рөлге ие бола алмай, қарсы бағытқа шығып кетіп, «Mersedes Benz-817» көлігіне соғылды. Салдарынан екі көлік те өртеніп кетті. «Toyota Land Cruser-100» көлігінің 1953 жылғы жүргізушісі оқиға орнында мерт болды», - деп мәлімдеді Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ал Mersedes Benz-тің 1988 жылғы жүргізушісі мен оның екі жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген. Қазір олар Қордайдағы аудандық ауруханада жатыр. Аталған факті ҚР ҚК 345-бабы бойынша тіркелген.


Жоғары қарай