Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматы бойынша қатерлі ісіктен болатын өлім айтарлықтай төмендеген - онколог

2022 жылдың 14 қаңтар 2022 15:35

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қатерлі ісік ауруынан болатын өлім-жітім айтарлықтай төмендеген. Алматы онкологиялық орталығы бас дәрігерінің орынбасары Жанна Қожаева ослай мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, емдеудің ең тиімді әдістерін қолдану болашақта барынша қолайлы нәтижемен ем жүргізуге мүмкіндік береді.

Яғни, химиотерапия қатерлі ісік ауруын емдеуде маңызды орын алады. Қазіргі уақытта орталықтың арсеналында химиялық препараттардың 40-тан астам түрі, 30-дан астам таргеттік және гормондық препарат бар.
Тек өткен жылдың өзінде орталықта 14 696 пациент химиотерапиялық емделді.
«TrueBeam STX» жоғары энергетикалық желілік үдеткіштегі радиологиялық бөлімшеде өткен кезеңде онкологиялық науқастарға 32 000-нан астам сәуле терапиясының сеансы өткізілді.
«Осы аппараттың көмегімен біз онкологияның кез келген түрі бар адамдар үшін анағұрлым дәл қарқынды және көлемді сәулелік терапия жүргіземіз. Бұл қондырғы адамға әсер етпестен зарядталған бөлшектердің шоғырын ісіктің өзіне тікелей бағыттауға мүмкіндік береді», - деп түсіндірді АОО бөлімінің меңгерушісі Евгений Ишкинин.
Онкологтар қазақстандықтарға қатерлі ісікті емдеуге болатынын хабарлайды. Бірінші кезеңде анықталған ауру 90% емдеуге үлкен мүмкіндік береді.
«Өкінішке орай, халық елімізде жүргізілетін тегін скринингтен өтуді жиі елемейді, сондықтан біз тағы да ескертеміз және профилактикалық тексерулерден уақтылы өтуге шақырамыз», - деп атап өтті Бас дәрігердің орынбасары Әлия Төрешева.
Айта кетейік, 2021 жылы Алматы қаласында қатерлі дертпен ауыратын 4 482 науқас анықталды.
Автор Думан Арғынгелді
Басты сөздер: Медицина, Алматы,
Жоғары қарай