Ауа райы
Астана 27 °С
Алматы 32 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Алматы дәріханалары қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуде

2020 жылдың 8 шілде 2020 17:28

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы дәріханалары вирусқа қарсы және ыстық түсеретін препараттармен қамтамасыз етіліп жатыр. Бұл туралы Фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығының басшысы Марина Дурманова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, қазір қауымдастық қала әкімдігінің қолдауымен өндірушілермен және ірі жеткізушілермен бірге халықты дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр.

«Ең алдымен Денсаулық сақтау министрлігінің емдеу хаттамасында көрсетілген дәрілерді жеткізіп жатырмыз. Олар «Парацетамол», «Аспирин», «Ибупрофен». Яғни, ыстық түсіретін дәрілер мен қабынуға қарсы препараттар . Мәселен, «Парацетамол» қазірдің өзінде қалаға қажетті мөлшерде жеткізілді. 30 мың термометр сатылымға шықты. Тағы 40 мыңы әкелінеді. Келесі аптада 2 млн «Парацетамол» алуды жоспарлап отырмыз. Бұларды көтерме сауда компаниялары жеткізеді. Осылайша, Алматы «Парацетамолмен» қамтамасыз етіледі», - деді М.Дурманова.

Сонымен қатар, ол дәріханаларға басқа да медициналық заттардың жеткізілгенін айтты. Оның ішінде инфузия жарақтары мен шприцтер бар.

Еске салайық, бүгін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев фарминдустрия өкілдерімен дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды үздіксіз жеткізуді қамтамасыз ету мәселелері талқыланған селекторлық кеңес өткізген болатын.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, Медицина,
Жоғары қарай